Өмір - ИӘ! Есірткіге -ЖОҚ!

2024 жылғы 26 сәуірде колледж студенттерімен «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді. Психиатр-нарколог медбике Кучинскини Шәкен Ержанқызы нашақорлардың қолданғаннан кейін қандай зардаптарға әкелетіні, ауыруы, т.б. зияндарын айтты. Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Бірім Өмірсерік Төлеуұлы балаларға есірткі заттарды сақтау, өткізу және пайдаланудың қандай салдары болуы мүмкін екенін айтып берді. Әңгімеге сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының басшысы Қанат Қайратұлы Амантаев пен Ғабит Мүсірепов атындағы Мансапты дамыту бөлімінің маманы Руслан Темірбекұлы Нұрмақанов қатысты.

Әңгіменің мақсаты оқушылардың денсаулығы туралы ең маңызды құндылық ретіндегі түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларға жаман әдеттердің адам өмірі мен денсаулығына қалай әсер ететінін түсінуге көмектесу. Нашақорлықтың мәні туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың есірткіні қолданудың салдары туралы түсініктерін дамыту.

26.04.2024
Қаралым саны: 274
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области