«Бауырсак» байқауы

№23 топ студенттері өз еркімен пішіні мен дәмі әртүрлі бауырсақ пісіруден өз күштерін өлшеуге тырысты.Олардың әрқайсысы ұсынылған бауырсақ сорттарының саны мен дәмі бойынша да қарсыласынан асып түсуге тырысты.

- Қазақ үйінде бауырсақсыз бірде-бір тағам болмайды, - деді арнайы пән оқытушысы Саух Елена Ивановна

- Орыс халқында «ас атасы - нан» деген мақал бар. Ал қазақ үшін дастархандағы басты рөлді қашанда бауырсақтар атқарады.Тарихқа көз жүгіртсек: қазақтар көшпелі өмір салтын ұстанған кезде, ең оңай дайындалатын ең ұзақ сақталатын бауырсақ болды.

Бауырсақ ашытқысыз және ашытқымен, тәтті және тұзды болады,сондай-ақ қамырға көк шөптер қосылады. Олар пішіні бойынша ерекшеленеді: үшбұрышты, шаршы, дөңгелек және жүрекше түрінде болады.

Керемет бауырсақтарды дайындаудың барлық процесін көрсету үшін студенттер қамырды жайып, кесіп, өнімдерді маймен қуырды. Бауырсақтар ыстық күйінде бірден барлық тілек білдірушілерге таратылды.

16.03.2022
Қаралым саны: 511
coronavirusПремьер ӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области