2026 жылғы 29 қаңтарда Новоишим аграрлық-техникалық колледжінде педагог-психолог Раимбекова Т. С. 1-курс студенттері арасында «Өзін-өзі бақылау және эмоцияларды басқару» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: студенттердің өзін-өзі бақылау, эмоцияларды саналы түрде басқару және стресстік, жанжал жағдайларында, соның ішінде онлайн кеңістікте, конструктивті мінез-құлықты таңдау дағдыларын қалыптастыру.
Тренингтің басында қатысушылар сабақтың тақырыбы және топта жұмыс істеу ережелерімен таныстырылды. Сенімді атмосфера қалыптастыру мақсатында «Эмоциялық шеңбер» жаттығуы өткізілді, онда студенттер күйзеліс жағдайында жиі сезінетін эмоцияларын талқылады.
«Эмоциялар бақылауда» және «Тоқта — Үзіліс — Таңдау» жаттығулары барысында өмірде жиі кездесетін жағдайлар қарастырылып, студенттер өз эмоцияларын түсініп, реакцияларын талдап, қауіпсіз әрі тиімді мінез-құлықты таңдауды үйренді.
«Менің тыныштану тәсілдерім» жаттығуында қатысушылар өзін-өзі реттеу жолдарын анықтады. Тренинг «Эмоциялар бағдаршамы» рефлексиясымен аяқталды, бұл алынған білімді бекітуге мүмкіндік берді.
Қорытынды: қатысушылар эмоциялардың өмірдің ажырамас бөлігі екенін және өз мінез-құлқын басқара білу заңды сақтау, қақтығыстардың алдын алу және әлеуметтік желілердегі психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.
Қаралым саны: 53






